Алматыда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адамның оқиғаға дейін басқа әйелді аңдығаны бейнежазбада көрініс тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Kozachkov offside Telegram арнасы жақын маңдағы дүкендердің бірінің бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеоны жариялады.
Бейнежазбада күдікті – Илья Тереновтың көшеде келе жатқан әйелді аңдып жүргені анық байқалады. Алайда ол маңайда басқа адамдардың бар екенін көрген сәтте бағытын өзгерткен.
Бұған дейін хабарланғандай, алматылық ер адам аялдамада зейнеткерді соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы – «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, аталған жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, тұрғындар қауіпсіздік мәселесін қайта көтере бастады.