2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 00:00 ден таңғы 7-ге дейін Алматы қаласының перзентханаларында 21 нәресте өмірге келді, деп хабарлайды kznews.kz.
9 келіншек ұл туса, 12 келіншек қыз туған.
Босану үдерісі тәжірибелі медицина мамандарының бақылауымен өтті. Ана мен балаға қажетті медициналық көмек уақытылы көрсетіліп, жаңа туған сәбилердің жағдайы тұрақты деп бағалануда.
2026 жылдың алғашқы сәбилерінің дүниеге келуі — жаңа кезеңнің, үміт пен өмір сабақтастығының символына айналса, медицина қызметкерлері үшін бұл мереке күндері де үздіксіз атқарылатын жауапкершілігі жоғары қызметтің айқын көрінісі.
Қаладағы перзентханалық қызмет жүйесі қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастырып, ана мен балаға сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетіліп отыр.