KZNews.kz
Қоғам

Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Оқиға 22 маусым күні кешкі уақытта болған. Бүлдіршін сол жерде жан тапсырған.

«Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді тұрғын үй-жайларда балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырады. Балаларды әсіресе қауіпті аймақтарда қараусыз қалдырмауды, терезе құлыптарын қолдануды сұраймыз», - делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →