Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда үй кезегінде тұрған адамды тізімнен заңсыз шығарып жіберген

Алматыда үй кезегінде тұрған адамды тізімнен заңсыз шығарып жіберген

Алматы тұрғынын әлеуметтік үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық соттың ресми сайтының мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Б. атты арызданушының азаматтық ісі қаралған.

Ол сотқа мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж адамды тіркеуден шығару туралы шешімін заңсыз деп тану және заңбұзушылықтарды жою жөнінде арыз берген.

Өтініш арыз берушінің әлеуметтік қорғалатын (толық емес отбасы) санатында тіркелгендігімен және тұрғын үй заңнамасына сәйкес баспана алғанға дейін тіркеуден шығарылмауы тиіс деген уәжіне негізделген. Істі қарау барысында сот материалдық іске тіркелген барлық құжатты зерттеді.

Меморганның арызданушыны тіркеуден шығаруына негіз болған заң нормасы ол үйге кезекке тұрғанға дейінгі 12 ай ішінде орынды болған. Сот ұсынылған дәлелдемелерді, істің анықталған нақты мән-жайын бағалап, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларын қолдана отырып, арызданушының талабын қанағаттандырды. Яғни, сот арыз беруші Б-ның дәлелдерін заңды деп таныды, ал мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығару әрекетін заңсыз деп тапты.

Автор
Данияр