Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда түнде автомат пен пышақпен қаруланғандардың бірі ұсталды

Алматыда түнде автомат пен пышақпен қаруланғандардың бірі ұсталды

Алматыда полицейлер пышақ пен "автоматқа ұқсас" затты лақтырып қашқан күдікті адамдарды қуды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамдарды ұстау барысы мен тәркіленген қару түсірілген видео Желіде пайда болды.

"Медеу ауданы аумағында күдікті көлікті тексеру барысында оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қашып кеткен. Қала бойынша "Ұстау" жоспары жарияланды. Көлік құралы қаланың Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылында бұғатталды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы жаяу қашты. Қашып бара жатып, олар автоматқа ұқсас зат пен пышақ лақтырып кетті", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Күдіктілердің бірі ұсталғаны хабарланды. Тағы екеуі іздеуде.

"Оларды ұстау - уақыт еншісінде", дейді ПД өкілдері.

Істің мән-жайы, тасталған заттардың иесі анықталады.

Автор
Данияр