Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда сау мұғалімді жындыханаға тыққан. Мұғалімнің оқиғасы жаға ұстатты

Алматыда сау мұғалімді жындыханаға тыққан. Мұғалімнің оқиғасы жаға ұстатты
Фото: Orda.kz

Алматы қаласындағы №73 мектептің бұрынғы тарих пәні мұғалімі Теңдік Нәлібаев бірнеше жылдан бері өзіне қатысты қабылданған шешімдердің әділетсіз болғанын айтады. Оның сөзінше, мектеп әкімшілігімен болған жанжалдан кейін ол психиатриялық сараптамадан өткізіліп, кейін мәжбүрлі емдеуге жіберілген деп жазады, деп хабарлайды kznews.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы мұғалім Теңдік Нәлібаев өзін әділетсіз түрде психиатриялық есепке қойғанын айтып, бірнеше жылдан бері құқықтарын қалпына келтіруге талпынып жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018 жылы полиция оны ұстап, психиатриялық мекемеге жеткізген, кейін сот шешімімен мәжбүрлі ем қабылдаған.

Нәлібаев психиатриялық қорытындыдан кейін жұмысынан айырылып, содан бері тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады. Қазір оның басты мақсаты – тәуелсіз сараптамадан өтіп, психиатриялық есептен шығу.

Ал мектеп әкімшілігі мен олардың адвокаты барлық шешімдер заң аясында қабылданғанын алға тартады. Олардың сөзінше, мұғалімге қатысты көптеген тексерулер жүргізілгенімен, оның шағымдары расталмаған. Сонымен қатар сот-психиатриялық сараптама Теңдік Нәлібаевта параноидтық тұлғалық бұзылыс белгілері бар деген қорытынды шығарған.

Қазіргі уақытта іс бойынша дау жалғасып жатыр. Бір тарап өзін қудалаудың құрбаны санаса, екінші тарап сот шешімдері мен сараптама қорытындыларының заңдылығын алға тартып отыр. Соңғы шешімді құзырлы органдар мен тәуелсіз сарапшылар шығармақ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.