Алматыда түнгі уақытта электрсамокат мінген ер адам жиектасқа соғылып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы жағдай Төле би даңғылына жақын орналасқан Варламов көшесінде болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 44 жастағы ер адам электрсамокатпен келе жатып, оны басқара алмай жиектасқа соғылып, құлаған.
Салдарынан ауыр жарақат алды. Оқиға орнына дәрігерлер дереу жетті.
“Көрсетілген көмекке және реанимация шараларына қарамастан, ер адамды дәрігерлер аман алып қала аламады", – деп мәлімдеді полиция.
Алдын ала ақпаратқа сенсек, ер адамның басында шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдары болмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.