“Әндерді жатқа біледі”: Джеки Чанның Ақтаудағы әрекеті жұртты таңдай қақтырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда Қызылордадан келген әйел екі аптадан бері табылмай жатыр

Алматыда Қызылордадан келген әйел екі аптадан бері табылмай жатыр
Фото: instagram/eriktiler_almaty_lider.kz

Алматыда еріктілер екі апта бұрын жоғалып кеткен Қызылорда тұрғынын іздестіріп жатыр. Әйел туралы іздеу хабарламасы LIDER.KZ еріктілер ұйымының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

1986 жылы туған Назым Түсіпбайқызы Жақышева 13 шілде күні сағат 13:30 шамасында Қызылордадағы үйінен шығып, қайта оралмаған.

Іздеу тобының мәліметінше, келесі күні таңертең әйел Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінде байқалған. Содан бері оның нақты қайда екені белгісіз.

Назым Жақышеваның бойы шамамен 165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара әрі ұзын.

Жоғалған күні оның үстінде ұзын жеңді қызғылт кофта, қара жейде, көк шалбар мен қара балетка болған. Сондай-ақ күннен қорғайтын көзілдірік таққан.

Әйелді көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетін тұрғындардан еріктілерге немесе полицияға хабарласу сұралады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер