Алматыда карантин күшейтілді
28.01.2021
12:32
0
2

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлағандықтан карантин күшейеді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында 1 ақпаннан бастап шектеу шаралары күшіне енеді деп жазылған.
Қаулыға сәйкес, келесі аптадан бастап қалада театрлар мен кинотеатрлар жұмысын тоқтатады. Олар былтыр қазан айында жартылай ашыла бастаған еді.
Сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары жәй күндері 10 мен 20.00 аралығында ашық болады. Демалыс күндері жабылады. Азық-түлік супермаркеттері, дәріханалардың (сауда орталықтарындағы дәріханалар да) жұмыс істеу уақытына шектеу қойылмаған, бірақ олар тек 30 пайызға ғана толуы тиіс.
Үсті жабылған азық-түлік, азық-түлік емес базарлар жәй күндері 17.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі, жексенбі күндері жабық болады. Ашық базарлар да дәл сондай кестемен жұмыс істейді. Бірақ олар тек жексенбі күні ғана жұмысқа шыға алмайды.
Спорт жарыстары, көрме, форум, конференция, сонымен бірге отбасылық мереке, ас беру сияқты көп адам жиналатын шара өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық мекемелері (ойын алаңы, жабық ғимараттағы аттракциондар, батуттар және т.б), букмекерлік кеңселер жұмысын тоқтатады. Балабақшада тек 15 адамнан аспайтын кезекші топтардың жұмыс істеуіне рұқсат.
Жаңа шектеулер арасында сонымен бірге төмендегідей ережелер бар:
- Коронавирус инфекциясының кез келген түріне шалдыққандар ауруханаға жатқызылады;
- Қоғамдық тамақтану орындары 9 бен 20.00 аралығында ғана істеуі тиіс.
- Сауда ғимараттарындағы тамақтану орындары тек 7 мен 20.00 аралығында ғана үйге алып кетуге тамақ сата алады.
- Сауна, спа-орталық, бассейндер 8 бен 21 аралығында істейді. Демалыс күндері жұмысына тыйым салынған.
- "Қазпошта" бөлімшелері мен халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 бен 18.00 аралығында істейді.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ