10 айда салынған әуежай: Арқалық үлкен өзгерістерге қадам басты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кетті

Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кетті
Фото: әлеуметтік желіден

Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адам шығып кетіп, қазір оларды полиция мен еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Іздеуде жүргендердің бірі — 1989 жылы туған Нелли Шахрай. Ол 16 сәуірде Бостандық ауданындағы Кекилбайұлы көшесі, 117А мекенжайында орналасқан орталықтан кеткен.

Неллидің бойы 167 сантиметр, дене бітімі орташа. Көзі қоңыр, шашы қою қоңыр әрі ұзын, арасында ақ шаштары бар. Бетінде бөртпелер байқалады. Жоғалған кезде үстінде қою көк велюр кофта, күлгін шалбар және көк түсті резеңке аяқ киім болған. Оның бағдарынан адасып жүруі мүмкін екені айтылды.

Екінші ізделіп жатқан адам — 1991 жылы туған Денис Антипин. Ол 13 мамыр күні таңертең аталған орталықтан шығып кеткен.

Қазір екі адамды табу бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың жүрген жері туралы ақпарат білетіндерден полицияға немесе еріктілерге хабарласу сұралады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.