Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда пойыз автокөлікті сүйреп әкетті

Алматыда пойыз автокөлікті сүйреп әкетті

Жол-көлік апатынан жүргізуші ауыр жарақат алған жоқ.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Жол апаты Алматыдағы Сүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Accent автокөлігі Сүйінбаймен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, жолдың жиегіне ұшып түскен, содан соң солтүстік бағытта жүріп бара жатқан пойыз вагондарының біріне соқтығысады.   

Салдарынан автокөлікті пойыз шамамен тағы 50 метрге сүйреп әкетеді. Машинист оқиғаны байқамаса керек, одан әрі жүріп кете берген. Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алған жоқ. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себебін анықтауға кірісті.

Дереккөз: Sputnik

Автор
Әлихан