Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда «Наурыз шеруі» өтеді

Алматыда «Наурыз шеруі» өтеді

Күн мен түн ғана емес, хан мен қара да теңелген қасиетті Наурыз мейрамының Алматыдағы негізгі шараларының бірі – «Наурыз шеруі».

Наурыздың 21-і күні сағат 10-да шеруге қатысушылар Абай даңғылының бойында Қазақ мемлекеттік циркі алдындағы алаңға жиналып, сағат 10-да ұлттық киім киген қатысушылар дабылдатып, сахналанған көрініспен шеруді бастайды. Арнайы көліктің үстінде Қыдыр Ата мен Жер Ана қатар тұрып, шеруді бастап жүреді.

Шеруге Алматы қаласы мәдениет мекемелері, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары, саятшы-бүркітшілер мен қазақ тазысын баптаушылар, қала тұрғындары – барлығы 2000-ға тарта адам қатысады.

Абай даңғылымен көш түзеген шеру Абылайхан даңғылымен төмен түседі, Қабанбай батыр көшесінде оңға бұрылып, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрына дейін сән-салтанатымен жүріп өтеді.

Наурыз – қазақи ата дәстүр ұлылығы, Наурыз – халықтың бірлігінің мығымдығы! Ендеше, халқымыздың дәстүрі мен сән-салтанатын паш ететін мерекелік Шеруді тамашалауға асығыңыз, ағайын!

Abai.kz


Abai.kz
Автор
Санжар