Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда көпқабатты үйді өрттен аман алып қалған батыр марапатталды

Алматыда көпқабатты үйді өрттен аман алып қалған батыр марапатталды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінде ерлік көрсеткен қала тұрғынына құрмет көрсетілді. Төтенше жағдай кезінде адамдардың өміріне араша түскен Асыл Ахметовке ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қала басшылығы бейбіт күннің батырына көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдіріп, арнайы сертификат табыс етті. Асылдың айтуынша, ол бұл қадамға атақ-даңқ немесе ақша үшін емес, жүрек қалауымен барған.

«Еңбегімді елеп-ескеріп, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға мың алғыс. Қысылтаяң шақта қол ұшын созу – менің азаматтық борышым ғой. Шынымды айтсам, сол сәтте марапат аламын деп ойламадым, тек көмектескім келді. Менің орнымда болған кез келген жігіт осылай жасар еді деп ойлаймын», – деді Асыл Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, желі қолданушыларын тәнті еткен оқиға маусымның 4-і күні Наурызбай ауданында болған еді. «Алма Сити» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінің балконынан өрт шыққан.

Төртінші қабаттағы балконда қоқыс тұтанып, жалын лезде күшейе бастаған. Сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өрт сөндірушілердің келуін күтпей-ақ, тәуекелге бел буады. Ол сырт жақтағы қабырғамен жоғары қабатқа өрмелеп шығып, қызыл жалынды өз күшімен ауыздықтап үлгерген.

Оның бұл ерлігі бейнеленген видео әлеуметтік желіде лезде тарап, халықтың ыстық ықыласына бөленген болатын.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан