Алматыда компьютер клубына кеткен екі мектеп оқушысы пышақтан қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда компьютер клубына кеткен екі мектеп оқушысы пышақтан қаза тапты

Алматыда компьютер клубына кеткен екі мектеп оқушысы пышақтан қаза тапты
Фото видеоскриннан алынды

Алматы қаласының Алатау ауданында болған жаппай төбелес салдарынан екі мектеп оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz. Оқиға компьютер клубының маңында түнгі уақытта орын алған. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдай қоғамда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық мәселесін қайта көтерд.

Қайғылы оқиға 30 сәуір күні түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға шамамен он шақты жасөспірім қатысқан. Төбелес барысында олардың бірі қарсыласына пышақ сұғып, ауыр жарақаттаған.

Қаза болғандардың бірінің анасы Айгерім Тауекелованың айтуынша, оның ұлын досы көмекке шақырған.

– Ұлымды Есім деген досы шақырып, «біреулермен сөзге келіп қалдым, сөйлесіп қайтайық» деген. Барса, шамамен он шақты бала болған. Төбелес басталып кеткен. Біреуі Есімді жүрегінен пышақтаған. Ұлым ашуланып, соның артынан жүгіргенде, оны да пышақтап кетті, – дейді анасы көз жасына ерік беріп.

Жарақат алған жасөспірімдер ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Аталған дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер анықталып, барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

– Денсаулыққа ауыр зиян келтірген тұлғалар анықталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім полицияға жеткізілді. Тергеу барысында әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріліп, кінәсінің деңгейі анықталады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Ведомство өкілдері сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салды.

Қазіргі уақытта қос адам өліміне қатысты іс Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тергеу амалдары жалғасуда, ал соңғы шешімді сот қабылдайды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.