Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда колледжде оқытушы студенттің басына нысана қойып, оқ атқан

Алматыда колледжде оқытушы студенттің басына нысана қойып, оқ атқан

Желіде Алматыдағы колледжде оқытушының студенттің басына нысана қойып, оқ атқан видеосы тарады, деп хабарлады kznews.kz.

Бұл туралы Politico.kz жазды. Бұл видео желіде қызу талқыға түсті. Кадрдан студент басының үстінде нысананы ұстап тұрғанын, ал оқытушы оған мылтықпен көздеп оқ атпақ болғанын көруге болады. 

Желідегі тараған ақпаратта оқиғаның Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде, алғашқы әскери дайындық сабағы барысында болғаны айтылған.

«Сабақ барысында оқытушы студенттерді мылтықтың нысанасында тұруға мәжбүрлеген. Мұндай әрекеттер оқу үдерісіндегі қауіпсіздік талаптары мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу болып есептеледі», – дейді видео авторы.

Колледж басшылығы ақпаратты растап, жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ оқиға орын алды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты (мақта) пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған, ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды», – делінген хабарламада.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.