Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда келіні енесін сабап тастаған

Алматыда келіні енесін сабап тастаған
Фото: ozgeris.info

Алматыда әйел келінінен бірнеше рет таяқ жегенін айтып, көмек сұраған. Бұл туралы адвокат Тлеужан Кішкенбаев әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Адвокаттың айтуынша, жәбірленуші әйел келінінің тарапынан бұған дейін де күш қолданылғанын айтқан. Алайда соңғы оқиғада алған жарақаты ауыр болған.

Ене өз сөзінде келіні дәретханаға кірген кезінде соңынан барып, соққы жасағанын жеткізді. Салдарынан оның көзі көгеріп, денесіне жарақат түскен.

«Дәретханаға кіргенімде артымнан келіп сабады. Көзім көгеріп қалды. Бұл бірінші рет емес, осыған дейін де ұрған. Бірақ осы жолы алған жарақатым қатты болды. Нақты үш рет ұрды. Балам екеуі бірігіп психологиялық қысым жасайды», – деді әйел.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін келесі күні полицияға арыз жазған. Алайда осы уақытқа дейін нақты шара қабылданбаған.

«Ұрған күннің ертесіне келіп арыз жаздым. Бірақ нақты шара жасалған жоқ», – деді ол.

Адвокат Тлеужан Кішкенбаевтың сөзінше, полиция тарапынан тиісті әрекет болмаған. Заңгер жәбірленушінің құқығын қорғап, істің соңына дейін баратынын мәлімдеді.

Ол сондай-ақ күш көрсетуге тап болған әйелге құқықтық және моральдық тұрғыдан қолдау көрсететінін айтты. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тиісті құқықтық баға беру мәселесі көтеріліп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.