KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Алматыда ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті қайтыс болды

• Қайсар Қанат
Фото: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға 6 қараша күні кешкі уақытта болған. Марқұм Шымкент қаласынан Алматыға жоғары білім алу үшін келген. Ол ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде бірінші курста оқыған.

Студенттің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен университет өкілдері барған.

Дереккөздің айтуынша, сол түні жатақханада тұратын студенттерге бөлмелерінен шығуға және балконға баруға уақытша шектеу қойылған. Сонымен қатар студенттерден оқиғаға қатысты жазбаларды ортақ чаттардан өшіру сұралғаны айтылып отыр. Оларға хат алмасулардың тексерілуі мүмкін екені ескертілген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Қазіргі уақытта бойжеткеннің нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Студенттер арасында оның өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжам тарағанымен, құқық қорғау органдары бұл мәліметті растаған жоқ.

Алматы қалалық Полиция департаменті де әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жарияламаған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →