KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыда Гелендваген қатысуымен болған апатта екі қыз қаза тапты

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Алматыда түнде Mercedes G-Class және Suzuki көліктерінің қатысуымен өліммен аяқталған апат болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жол апаты таңғы сағат 3:10 шамасында Алатау ауданында, Рысқұлов даңғылы мен Шарипов көшесінің қиылысында болды.

Полицияның мәліметінше, Suzuki жүргізушісі кері бұрылыс кезінде Mercedes көлігіне жол бермей, көліктердің соқтығысуына себеп болған.

Suzuki жүргізушісі мен жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Suzuki көлігіндегі тағы бір жолаушы мен Mercedes жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық тергеу бастады. Қазір барлық мән-жай тексеріліп жатыр.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →