Алматыда балаларды түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қалалық полиция департаменті жедел-тергеу шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.
Алмалы аудандық полиция басқармасы түзету орталықтарының бірінің қызметкері тарапынан жасалған әрекет бойынша қылмыстық іс қозғаған.
- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынады. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, әлеуметтік желіде балалар орталығындағы жаттықтырушының кішкентай баланың қолын бұрап жатқаны бейнеленген бейнежазба жарияланды. Оқиғаға байланысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева пікір білдірді.