Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz
Аталған видео Threads желісінде жарияланды. Кадрдан екі жігіттің кіреберіске кіріп, бір-бірімен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына салып, сыртқа алып шыққан.
Аталған іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр екен.
“Үш күдікті ұсталып, қамауға алынды. Істі жан-жақты әрі объективті тергеу үшін тергеу-жедел тобы құрылды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға, осы іске қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды іздестіруге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Астана тұрғыны үйіне келген соң балаларының жанында ұйықтап жатқан жалаңаш ер адамды көргені туралы жазған едік.