KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыда ер адам танысқысы келмеген бойжеткенге қоғамдық орында су шашқан

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Алматыда қызбен танысқысы келген ер адам оның бас тартуына ашуланып, жағымсыз әрекетке барған. Оқиға қоғамдық орында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам бірнеше рет танысуға тырысқан. Қыз бас тартқаннан кейін ол оған су төгіп, артынша әдепсіз ишара көрсеткен. Осыдан соң қыз полицияға арызданған.

Құқық қорғау қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Жиналған материалдар сотқа жолданған.

Полицияның мәліметінше, ер адамның әрекеті ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша «ұсақ бұзақылық» ретінде сараланған.

Сот істі қарап, азаматты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →