Павлодар облысында әже мен немересі екі жыл бойы 2 мәйітті жасырып өмір сүрген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды

Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды
Фото: GOV.KZ

Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сәйкес арнайы экологиялық талаптардың орындалуын «Eco Almaty» ЖШС бақылайды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Eco Almaty» ЖШС — 100% мемлекеттік қатысуы бар ұйым. Ол экологиялық нормалардың бұзылуын анықтау барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға – Экология департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Полиция департаментіне жәрдем көрсетеді.

Бақылау келесі бағыттарды қамтиды: жеке және қоғамдық көлікті, коммерциялық қызмет көліктерін және коммуналдық техниканы қоса алғанда, жылжымалы шығарындылар көздері; стационарлық шығарындылар көздері; қалдықтарды полигондарда жағу, өздігінен тұтану, пиротехникалық бұйымдарды қолдану сияқты ұйымдастырылмаған стационарлық шығарындылар.

Бұзушылықтарды анықтау үшін стационарлық және жылжымалы экологиялық бекеттер пайдаланылады. Қалада барлығы 19 стационарлық және 4 жылжымалы бекет жұмыс істейді.

Сонымен қатар көлік құралдарының шығарындыларындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейтін спектрометрлер, ал стационарлық шығарындылар көздерін бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуы мүмкін.

Басқарма мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.