KZNews.kz
Қоғам

Алматыда даяршыға аяқ киімін сүрткізбекші болған қыз жауапқа тартылды

Айжан Сыланова

Полиция департаментінің хабарлауынша, оның тұлғасы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қыз «Ұсақ бұзақылық» бабымен тіркелген іс бойынша Атырау қаласында ұсталды. Ол түсініктеме барысында кінәсін мойындап, әрекетіне өкініш білдірген.

Құзырлы орган қызметкерлері онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық сақтаудың маңызын еске салды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →