Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда дәрігерлер марқұм әйелдің бес ағзасын алты адамға салды

Алматыда дәрігерлер марқұм әйелдің бес ағзасын алты адамға салды

Министрлік мәліметінше, 1962 жылы туған әйелдің туыстары оның қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донор ретінде беруге келісім берген. Соның арқасында алты адамның өмірі құтқарылды.

Операция Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында өтті.

Дереккөзге сәйкес, марқұмның ағзалары мына пациенттерге салынған:

  • Жүрегі – 1988 жылы туған науқасқа;
  • Бауыры – 1982 жылы туған науқасқа;
  • Оң бүйрегі – 1996 жылы туған науқасқа;
  • Сол бүйрегі – 2017 жылдан бері донор күтіп жүрген 1966 жылғы пациентке;
  • Мөлдір қабығы – 1983 және 1956 жылы туған екі адамға.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер донордың ағзалары жақсы жағдайда болғанын және олардың жаңа иелерінде толыққанды жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.