KZNews.kz
Қоғам

Алматыда бойжеткен ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кеткен

Торғын Абушахман

Алматыда бойжеткен 14-қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті университеттің ректорат ғимаратынан секірген.

Алматы қалалық полициясы оқиғаны растаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

"Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның себебі отбасылық жағдайлар болуы мүмкін", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.

Полиция өкілдері азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →