Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда бизнесменнің қызын ұрлап кетіп, 500 мың доллар талап еткен - новости Казахстана

Алматыда бизнесменнің қызын ұрлап кетіп, 500 мың доллар талап еткен - новости Казахстана

Алматыда кәсіпкердің кәмелет жасына толмаған қызын ұрлап кетіп, арам пиғылдылар бизнесменнен жарты миллион доллар талап еткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Иллюстрациялық фото coolook.org сайтынан алынды

Сәдубаевтың айтуынша, қызды 14 қараша күні ұрлаған. Оны Алматыдағы шағын аудандардың біріндегі өз үйінің алдынан алып кеткен.

Күдіктілер электр есеңгіреткіштің көмегімен жүргізушіні жансыздандырып, оны байлап тастаған. Осыдан кейін қызды белгісіз бағытта алып кетеді.

Кешірек жәбірленушінің ата-анасына ақша беруді талап етіп хат жолдаған. Бұзақылар жасөспірімнің өмірі үшін 500 мың доллар сұраған.

Қыздың жақындары бірден полицияға шағымданды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді бір тәулік ішінде анықтап, олар тұтқындап, жеткіншекті ата-анасына қайтарады.

Қазір жасөспірім қыздың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеушілер тергеу амалдарын жүргізіп, күдіктілердің әрбірі қылмыс кезінде қандай рөлді атқарғанын анықтап жатыр.

Автор
Жандос