Алматыда арнайы операция кезінде бір топ пәтер ұрылары қолға түсті деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Полицияның мәліметінше, бұл топта үш ер адам бар. Олардың барлығы Алматы тұрғындары емес. Пәтер ұрылары Алмалы ауданында қолға түскен.
"Қазіргі мәліметтер бойынша, күндізгі уақытта Алматының қақ ортасында орналасқан иесі жоқ пәтерге кірген олар алтын мен үлкен көлемдегі ақшаны үптеп кеткен", - дейді полиция.Олар ізін суытып үлгермек болған. Алайда полицейлер пәтер ұрыларын Тұрғыт Озал мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында қолға түсірген.
Айта кетейік, пәтер ұрыларының қазіргі уақытта үш қылмысы анықталған. Олардың жасы 32 мен 45 аралығында. Ұрылардың екеуі бұрын істі болған.