Алматыдағы "Шаңырақ" ықшам ауданында тұратын бес баласы бар отбасы далада қалды. Күтпеген жерден орын алған өрт оқиғасы көпбалалы жанұяны қақаған аязда баспанасыз қалдырған. Барар жері, басар тауы қалмаған ерлі-зайыптылардың соңғы үміті қазақстандықтарда деп жазады NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Алмаз Мейманқожаев отбасымен арман еткен үйіне кіргеніне бар-жоғы екі жыл ғана болған. Бала-шағасының осы шаңырақта өсіп-өнгенін қалаған азаматтың жоспарын тілсіз жау жоққа шығарды.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
25-ші желтоқсан күні сағат 18:30 шамасында орын алған өрт көпбалалы жанұяның үйінен түк қалдырмады.
Анықталғандай, тілсіз жау үй маңында жасалынып жатқан дәнекерлеу жұмыстары салдарынан орын алған.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Бүгінде қиын жағдайға тап болған отбасы барша отандастарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болуда. Көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы - отағасы.
Әйел адам бала күтіміне байланысты демалыста. Ерлі-зайыптылардың ең кенжесі дүние есігін ашқанына екі ай ғана болған.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Өрт кезінде үйде отағасы ғана болмаған. Абырой болғанда, жалын шарпыған үйдің ішінен әйел адам мен бала-шаға аман қалған.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Қақаған аязда баспанасынан айырылған жанұяға көмек қолын созам деушілер үшін:
Kaspi Gold: 5169 4931 1787 8403
Алмаз Мейманқожаев 8 702 972 8612