Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда базар тағы да өртке оранды

Алматыда базар тағы да өртке оранды

Алматыда «Самал» базарының сауда дүңгіршектерінен өрт шықты

Белгілі болғандай, тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен.

«4 желтоқсан, күндізгі сағат 13:03-те Алматы қалалық 101 диспетчерлік қызметіне Жетісу ауданы, Солтүстік шеңберде орналасқан «Самал» базарындағы «Сабыржан» супермаркетіне жапсарлас салынған сауда орындарының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт түскі 14:01-де ауыздықталып, 14:18-де сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, өрттен 9 дүңгіршек жарамсыз болып қалды. Оның ішінде 7 дүңгіршек түгі қалмай өртеніп кетті», - деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, төтенше жағдаймен күресуге 63 адам, 17 техника жұмылдырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Арман