KZNews.kz
Қоғам

Алматыда "Байсат" базары 28 миллиард теңгеге сатылымға қойылды

Torgyn Abushakhman

Алматыда орналасқан "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы аукционға қойылды. Оның бастапқы құны 26 миллиард теңгеден аса бағаланған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясының сайтында хабарланды. Аукцион E-Qazyna порталында өтеді. Саудаға қойылған үлестің бастапқы бағасы — 28 639 882 000 теңге.

Лот сипаттамасында көрсетілгендей, бұл компанияның 100% толық үлесі.

Құжаттарда жазылғандай:

Үміткерлер аукционға қатысу үшін 2 863 988 200 теңге кепілдік жарна төлеуі қажет.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл сатылымды заң аясында өткізуде. Түсетін қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам үшін маңызды әлеуметтік жобаларға жұмсалмақ.

Бұған дейін бұл компания: "Бата", "Беташар", "Сүйіндір" коллекциялық монеталары мен 14 эксклюзивті қолсағатты аукционда 117 миллион теңгеге сатқан.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары