Жолдардан саябақтарға дейін: қазақстандықтар өзгерістерді көріп, инфрақұрылымның одан әрі дамуын күтеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда “Азаматтық борыш” жобасы аясында студенттерге экскурсия ұйымдастырылды

Алматыда “Азаматтық борыш” жобасы аясында студенттерге экскурсия ұйымдастырылды

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық борыш» жобасы аясында «Мәңгілік даңқ» мұражайында студент жастарға арналған бірқатар экскурссиялар өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұражай қызметкерлерлері жастарға соғыс тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді таныстырса, жоба жетекшісі, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, толыстағы полковник Мұхамбетжан Әбдібеков патриоттық тәрбие беру мақсатында өзінің ақылын айтты.

Жоба аясында барылығы 10 экскурссия өтуі керек. Қазіргі уақытта 6 экскурссия ұйымдастырылып, оған 60-тан астам студент қатысты. Қалған 4 экскурссия келесі аптада өтеді.

Ал мұражай туралы айтар болсақ, ол 2 қабаттан тұрады, көрме кешені 2 200 шаршы метр алаңды қамтиды. Мұражайда 20-шы ғасырдың басынан бері қолданылған кеңестік әскери техника мен қару-жарақтың үлкен коллекциясы бар. Олар: бронды қару-жарақ пен техника, жер үсті артиллериясы мен минометтар, әуе қорғанысы күштері, арнайы техника. Сонымен бірге мұражайдың екінші қабатында ауған соғысының тарихи жәдігерлері қойылып, ауған соғысындағы қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі ілінген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.