Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды

Алматыда аумағы 1 гектар жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында Республика күніне орай отбасылық демалысқа арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды.

Аумағы 1 гектарды құрайтын сквер қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналды. Шұғыла шағынауданы – Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы. Мұнда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, әлеуметтік нысандар да орналасқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда бұған дейін тұрғындардың серуендеп, демалуына арналған мұндай ауқымды абаттандырылған аумақ болмаған. Жаңа сквер осы қажеттілікті өтеп, тұрғындарға үйінің жанында бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Мұнда 200 ірі ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мыңға жуық бұта және 1,5 мың раушан гүлі отырғызылды.

Тұрғындардың жайлылығы үшін жаяу жүргіншілер жолдары, орындықтар, жарықтандыру жүйесі және автоматтандырылған суару жүйесі қарастырылған. Сонымен қатар абаттандыру элементтері қатарында субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар мен балалар ойын алаңы бар.

Қазірдің өзінде сквер шағынаудан тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып, отбасылық серуендеуге, кездесулер өткізуге және таза ауада тынығуға қолайлы жағдай жасауда.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.