«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді

Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

203 0 0

Қазақстанның ішкі істер министрлігі жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шегушінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова қаза болған жол апатына қатысты істі ішкі істер министрлігі бақылауға алды.  

Тергеудің объективтілігіне күмән тудыруға ешқандай негіз жоқ, деп хабарлады ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Тергеу бөлімі оқиғаның мән-жайы жан-жақты тергеу үшін барлық қажетті шараны жасап жатыр. Іс бақылауда, деп сендірді министрліктегілер.

Ол қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген екінші актриса – Айзада Сатыбалдиеваның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Алматыда 29 желтоқсан күні қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова жол-көлік оқиғасынан қаза болды. Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen көлігі "қызылға" өтіп кетіп, шетелдік көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік апатынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды. Тағы бір әйел ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Апатқа кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, біраз уақыттан кейін полицейлер оны ұстады. Қазіргі таңда алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Бауыржан