KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматыда әйелге тиіскен шетелдік қамауға алынды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Алматыда полицейлер Терренкур аллеясында әйелге тиіскен шетелдікті қамауға алды, деп хабарлайды kznews.kz almaty.police-ке сілтеме жасап. 

Медеу ауданының полицейлері құқықбұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, полиция шетелдіктің Қазақстан аумағында одан әрі жүру мәселесін қарастыру үшін сотқа материалдар жолдады.

"Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын бұзатын кез келген әрекетке принципті құқықтық баға беріледі", - деп атап өтті полиция өкілдері.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →