"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда АИ-92 бензині арзандады: Бозымбаев себебін айтты

Алматыда АИ-92 бензині арзандады: Бозымбаев себебін айтты
Экономика

Қысқа сілтеме алу

239 0 0

Бүгін БАҚ беттерінде Алматыда бензин бағасының төмендегені туралы жаңалық шыққан еді

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің арзандау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір Қазақстанда бензиннің артылып қалып жатқаны байқалуда. Қаңтардан бері осылай", — деді министр үкімет кулуарында. 

Айтуынша, Шымкенттің мұнай өңдеу зауытында, жалпы елде тауардың артылып, барлық резервуардың толып қалу қаупі туындаған. Сондықтан МӨЗ-дің жүктемесі төмендетілген.

 

Сондай-ақ, Бозымбаев Алматыда жанар-жағармай бағасының төмендеуі – нарық реакциясы екенін атап өтті. 

"Қазіргі таңда бензин бағасы реттелмейді. Шамамен 150 теңге шамасында қалады деп болжап отырмыз", — деді министр. 

Айта кетсек, бүгін бірқатар БАҚ Алматыда бензин арзандағанын хабарлаған еді.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Бауыржан