KZNews.kz
Қоғам

Алматыда 18 жастағы қыз 9-қабаттан құлап, тірі қалды

Азамат Қойшығара
Lada.kz

Алматы қаласында 18 жастағы бойжеткен тұрғын үй кешендерінің бірінің тоғызыншы қабатындағы терезеден құлап, аман қалды.

Куәгерлердің айтуынша, қыз оқиға кезінде іш киіммен болған. Көршілердің мәліметінше, ол оқиға алдында пәтерде құрбысымен бірге болып, алкоголь ішімдігін пайдаланған болуы мүмкін.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастаған.

«Өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – делінген ведомство хабарламасында.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары