Қазақстан Армения қақпасына ғажап гол соқты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы тұрғындарының шырқын бұзып, депортацияланғандар енді Астанада жүр (ВИДЕО)

Алматы тұрғындарының шырқын бұзып, депортацияланғандар енді Астанада жүр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бұған дейін Алматы тұрғындарының мазасын алған атышулы жасөспірімдер тобы енді елордаға келді. Оларды Астана көшелері мен қоғамдық көліктерде көрген куәгерлер әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай интернет қолданушыларының қатаң сынына ұшырады. Жұртшылықтың наразы болуына нақты себеп бар. Өйткені бұған дейін билік өкілдері тәртіп бұзған жасөспірімдерді ел аумағынан шығаруға уәде берген еді. Алайда олар жазадан сытылып кетіп, жай ғана басқа қалаға қоныс аударған болып шықты.

Қарапайым азаматтар мұндай оқиға полицияның қызметіне деген сенімді азайтып, беделіне үлкен нұқсан келтіреді деп санайды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.