KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматы тұрғындары әл-Фараби даңғылы маңында таудағы өртті видеоға түсіріп алды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Әл-Фараби даңғылы маңындағы тауда шыққан өртті алматылықтар видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Редакцияға оқиға орнынан куәгерлер түсірген кадрлар келіп түсті. Өрт Бостандық ауданындағы Бәйшешек көшесінде шыққаны хабарланды.

Алматы ТЖД мәліметінше, құрғақ шөп жанған. Оқиға орнында мамандандырылған екі өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ-1 және МӨСБ-20) қызметкерлері жұмыс істеді.

Сағат 19:56-да өрт оқшауланып, 20:05-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →