Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Almaty SuperSki қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді - Экология министрі

Almaty SuperSki қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді - Экология министрі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Almaty SuperSki тау шаңғысы кластері жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды kznews.kz.

Kazakh Tourism Development компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Алматы тау-кен кластерін дамыту шеңберінде өткізу қабілеті күніне 10 мың адамнан асатын 60 шақырым тау-шаңғы трассасы, заманауи 11 аспалы жолы, сондай-ақ Foster + Partners сәулет бюросының жобасы бойынша инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланып отырғанын баяндады.

«Министрлік ғалымдар және жетекші эколог мамандармен бірлесіп, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға кері әсер етпейтіні анықталды», - деді Ерлан Нысанбаев.
 

Премьер-министр Олжас Бектенов жобаны уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
 

«Барлық кажетті шешімдер қабылданды. Сондықтан сын айтатындар, әрине, бола береді. Оған қарамай, бәрін тездетіп жүзеге асыру керек. Бізге нақты нәтиже керек. Бұл жобаны жүзеге асыруда экология мәселелеріне аса назар аудару керек», - деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде жұртшылық арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруды тапсырды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі