300 мыңнан асты: кәсіпкерлер қыз-келіншектер саны көбейген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады

Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады
Фото: Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады. Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарына жолдады.

Іс-шара «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық апталық аясында өтті. Бастаманың мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі жастарды Республика күнін мерекелеуге тарту, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, ұлттық рухын дәріптейтін ерекше мереке. Тәуелсіз Қазақстан өркендеп, болашағы жарқын болсын!» – деді университет студенттері.

Эстафетаны жалғастыру ALT University мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттеріне ұсынылды. Олар акцияға қосылып, бастаманы өзге жоғары оқу орындарына жолдай алады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл бастама еліміздің әр қаласындағы студенттердің бір арнаға тоғысып, Республика күнін бірге атап өтуіне жол ашады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.