Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы стадионындағы әжетхана шетелдік қонақтарды шошытты

Алматы стадионындағы әжетхана шетелдік қонақтарды шошытты
Фото: видеодан скриншот

Шетелдік журналистердің бірі әлеуметтік желіде стадиондағы дәретхананың ескі әрі лас күйін көрсететін бейнежазба жариялаған. Видео лезде тарап, қазақстандықтар арасында қызу талқылауға себеп болды.

Кейбір қолданушылар әзілдеп, «шетелдіктерді жергілікті стадиондардың осындай жағдайына алдын ала дайындау керек еді» десе, енді бірі елдің ірі мегаполисіндегі спорттық инфрақұрылымды жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Желіде түрлі пікірлер жазылды:
«Бұл әлі таза түрі, матчтан кейін көрсетіңіздер», «Мына ұят қой, оларды Астанаға шақыру керек еді», «Екінші астана, елдегі ең үлкен қала, бірақ дұрыс стадион жоқ...», «Көшедегі бордюрлерді ауыстыруға келгенде белсенді, әжетханаларға да кезек жетсе екен», – деп жазды қазақстандықтар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.