KZNews.kz
Қоғам

Алматы сотында Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Torgyn Abushakhman

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажы Асылбекке қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ғимараттың кіреберісінде әйелді баспалдақтан итеріп жіберген деп айыпталды.
Бастапқыда оған ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша («денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») айып тағылған. Кейін іс ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне («абайсызда ауыр зиян келтіру») қайта сараланған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тараптардың татуласуына және жәбірленушіге материалдық әрі моральдық шығынның өтелуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылғанын хабарлады.

Еске салайық, әлеуметтік желіде елге танымал азаматтың әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергені көрсетілген бейнежазба тарады. Содан кейін Алматы полициясы Амантай қажыға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Өткен аптада Амантай қажы көпірге жазу сызғаны үшін айыппұл арқалады.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары