Олжас Бектенов министрлерге: Бос әңгімені доғаратын уақыт келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында жол апатын жасаған жүргізуші 2,5 жылға ғана сотталды

Алматы облысында жол апатын жасаған жүргізуші 2,5 жылға ғана сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысындағы жол апатынан көз жұмған Қанат Ахметов пен мүгедек болып қалған Закир Әлиевтің туыстары әділдік сұрайды. Жүргізушіні сот небәрі 2,5 жылға соттады. Қара жамылған әулет жаза тым жеңіл деп санайды. Сол себепті олар үкімді қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды kznews.kz. 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалғыз ұлы Қанатынан айырылған ана Нұржамал Ахметова 6 айдан бері қайғыда. Үкімді естіп, мүлдем құлазыған көрінеді. Үйдің жалғыз асыраушысынан айырылған зейнеткер ұлының өлімі дұрыс тергелмегенін айтады.

“Бүкіл іш құрылысын езіп тастаған. Бауырдан бауыр жоқ, түк жоқ. Маған сүйегін әшейін орап-орап берді. Қатаң жазасын алсын, жазаласын! Моральдық және материалдық өтемақы төлеп берсін”, – деді Қанат Ахметовтің анасы Нұржамал Ахметова. 

Жол апаты Алматы облысындағы Құлжа тас жолының бойында, Қарабұлақ аулының маңында болды. Құлжа тас жолының қарсы бетіне шығып, үйлеріне қайтпақ болады. Жол ережесіне сай жаяу жүргінші жолағымен өткен. Бірақ ортасына жеткен сәтте оларды жоғары жылдамдықпен көлік қағады. Жәбірленуші тараптың сөзінше, көлік қаққан соң 2 адамды 98 метрге дейін сүйреп кеткен. Ал оларды сағатына 130-150 шақырым жылдамдықпен ұрған. Оқиғадан кейін жүргізушіні полиция бірден ұстаған, тиісті қылмыстық іс те қозғады дейді.

39 жастағы Қанат Ахметовтың артында 10 және 2 жасар қыздары мен ерекше қажеттілігі бар анасы қалды. Марқұмды соққан көлік одан бөлек тағы бір адамды қағып өткен. Оның да жағдайы қиын. Туыстарының айтуынша, жапа шеккен 29 жастағы Зокир Әлиев көптеген ауыр жарақаттан кейін өздігімен жүре алмай қалған.

“Прокурорлар бұл қылмыстық іске еш дайын емес. Үш сот отырысында да дайындалмаған. Іске қатысатынын да білмеген. Олар тек қана ұялы телефон арқылы танысып отырды. Иә, мен осы іске қатысады екенмін ғой деп айтты”, – деді жәбірленуші Закир Әлиевтің бауыры Токир Әлиев.

Талғар аудандық соты 21 жастағы жүргізушіні Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3 бөлігі “Көлікті пайдалану қағидаларын бұзып абайсызда адам өліміне әкелу” бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға соттады.

Сотталушыдан марқұмның отбасына 9 миллион, ал жарақат алған жәбірленушіге 6 миллион теңге өндіріп алынуы тиіс. Алайда жапа шеккен тарап жазамен де, өтемақымен де келіспейді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.