Іле ауданының тұрғындары Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жүрек тебірентерлік оқиғаның куәсі болды.
Ғашықтар сайлау учаскесінде өміріндегі ең маңызды қос бірдей маңызды таңдауды қатар жасады.
Дауыс беріп болған соң, жігіт сүйіктісіне күтпеген жерден үйленуге ұсыныс білдіріп, жүзік сыйлады. Бұл сәт учаскедегі сайлаушылардың ерекше назарына ілікті. Қыз келісімін беріп, учаскедегі көпшілік жұпқа қошемет көрсетіп, құттықтады. Бақытты сәт иесі Қанат Мейіржанның айтуынша, ұсыныс жасау үшін дәл осы күнді таңдауы кездейсоқ емес.
- Бүгін әр азамат елдің болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатыр. Осы күнді өмірімдегі ең жауапты сәтпен байланыстыруды жөн көрдім. Сондықтан сүйіктіме бүгін ұсыныс жасадым, – деді ол.
Ал қыз болса бұл оқиғаның күтпеген жағдай болғанын айтады.
"Біз сайлау учаскесіне бірге дауыс беруге келдік. Бірақ, мұнда маған ұсыныс жасайды деп мүлде күтпедім. Енді бұл күн мәңгі есімде қалатыны сөзсіз, – деді Ажар Жанарбек.
Осылайша, Құрылтай сайлауы күні жастар екі маңызды оқиғаны тоғыстырды, олар дауыс беруге қатысты және өмірлерінің жаңа, ортақ кезеңіне бірге қадам басты.