Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында қылмыстық топ кафеге басып кірді

Алматы облысында қылмыстық топ кафеге басып кірді

8 қарашада қаруланған белгісіз біреулер Шамалған стансасындағы кафеге басып кірген. 

Күдіктілер дәмхана қожайынын байлап, ұрып-соққан. Олар екі ойын автоматын, ұялы телефон және қомақты қаржыны өздерімен алып кеткен. Қарасай ауданының полицейлері бірнеше сағат ішінде күдікті 4 ер адамды ұстады. 

«Жедел іздестіру барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен көрші ауылдың тұрғындары (1971-1986 жылғы ) ұсталды. Кафеден ұрлап кеткен заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталғандар қазір аудандық полиция бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамалды», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталмыш қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Дереккөз: sn.kz

Автор
Мадияр