Қанат Ниязбековтің отбасы мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында полицейді өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

Алматы облысында полицейді өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

Алматы полициясы 37 жастағы Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Іс материалдары 29 қыркүйекте прокуратураға жолданған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық іс ауырлататын мән-жайларда жасалған адам өлтіру фактісі бойынша тергелген.

Еске салайық, 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауданындағы таулы аймақта, тасжолдан шамамен 400 метр жерден ер адамның өртенген денесі табылған.

Кейін марқұмның жеке басы анықталды. Ол Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Аслан Әлсеров болып шыққан.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның жұбайы және кәмелетке толмаған екі жасөспірім ұсталған.

Белгілі болғандай, күдікке ілінген әйелдің өзі де бұрын полиция органдарында қызмет еткен.

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайлары зерттеліп, қажетті сараптамалар мен процессуалдық әрекеттер жүргізілген.

Қазір қылмыстық іс материалдары прокуратураға берілді. Бұдан кейін надзорлық орган істі зерделеп, оны сотқа жолдау немесе қосымша процессуалдық шешім қабылдау мәселесін қарайды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер