Бензин бағасы 300 теңгеден аса ма? Министр сарапшылардың болжамына пікір білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында мектеп-интернат басшылығы 5,8 млн теңге жымқырған

Алматы облысында мектеп-интернат басшылығы 5,8 млн теңге жымқырған

Заңбұзушылық Қарасай ауданы прокуратурасының Алматы облыстық білім басқармасына қарасты №3 арнайы мектеп-интернатында жүргізген тексеруі кезінде анықталған.

Алматы облысында арнайы мектеп-интернаттың басшылығы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Мекеме директоры, оның орынбасары мен бас бухгалтері жалған қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған болып көрсетіп, мемлекетке 5,8 миллион теңге шығын келтірген, деп хабарлайды kznews.kz.

Тексеру барысында мекеме басшылығы іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарды қызметкер ретінде тіркеп, олардың атына жалақы аударып келгені белгілі болды. Нәтижесінде бюджеттен бөлінген 5,8 миллион теңге заңсыз иемденілген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабымен («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот мектеп-интернат директорын, оның орынбасары мен бас бухгалтерін кінәлі деп танып, әрқайсысына түрлі жаза тағайындады. Дегенмен прокуратура хабарламасында сотталғандарға нақты қандай жаза кесілгені айтылмаған.

Облыстық прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының мақсатты әрі заңды жұмсалуын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.