Озған заман мен тозған мектеп: абайлық балалардың білім деңгейі қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жігіт туралы суыт хабар жетті

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жігіт туралы суыт хабар жетті

Ізім-ғайым жоғалған 23 жастағы жігітті аяусыз өлтіріп кеткен

АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Вакил Мамедов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 23 жастағы азаматтың денесі өзі тұратын ауылдың маңынан табылған. Ол осыдан бірнеше күн бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын.

Вакил Мамедовты ауылдасы өлтірген болуы мүмкін. Жас жігіттің денесінен қинап өлтіру белгілері табылыпты.

19 жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың таңғажайып оқиғасы

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Қазір тергеу жүріп жатыр", – деп мәлімет берді облыстық полиция департаменті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласында 22 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Анастасия Галееваның хабар-ошарсыз кеткені туралы құрбысы әлеуметтік желіде хабарлаған. Қазір бойжеткенді іздеу әлі де жалғасып жатыр, 40-50 шақты ерікті жұмылдырылыпты.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан