KZNews.kz
Аймақ

Алматы облысында екі адамды пойыз басып кетті

Ayzhan Sylanova
Фото: ҚТЖ

"Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 23 маусым күні кешкі 19:10 шамасында Ақсеңгір мен Бурундай арасындағы Отар – Алматы-1 бағытында орын алған.

«Пойыз машинисі темір жолға кенеттен шығып кеткен екі адамды байқап, шұғыл тежеу жүйесін іске қосқан. Алайда олар локомотивтің дабылына мән бермеген. Қашықтық тым жақын болғандықтан, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады», – делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.

Оқиға туралы бірден Алматы-1 станциясының желілік полиция бөлімшесіне хабар берілген. Қазір оқиға орнында тиісті органдар жұмыс істеп, тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚТЖ өкілдері азаматтарға темір жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары