KZNEWS.KZ
Әлеумет

Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Алматы облысының Қарасай ауданында мешіттегі діни сауат курсына қатысқан жасөспірімдерді ұрған ұстаз қызметінен босатылды. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Видеода мешіттегі оқу бөлмесінде ер адамның бірнеше жасөспірімді ұрып, қамшыға ұқсас затпен сабағаны көрінеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқиғаның маусым айында «Түркістан-1» мешітінде болғанын растады.

ҚМДБ мәліметінше, жасөспірімдер арасында шу шыққан. Сол кезде ұстаз Дүйсехан Нұрберді балаларды тәртіпке шақыру барысында эмоцияға беріліп, педагогикалық әдеп талаптарын бұзған.

Мешіт басшылығы бұл жағдайдан дер кезінде хабардар болмаған. Кейін арнайы жиналыс өткізіліп, оқиға қаралған.

Ұстаз өз әрекетін мойындап, өкініш білдіріп, ата-аналардан кешірім сұраған. ҚМДБ мәліметінше, ата-аналардың оқытушыға қатысты шағымы болмаған. Соған қарамастан, Дүйсехан Нұрберді қызметінен босатылды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →